АЯТОЛЛА (парс. «Алланың аяты», «Алланың белгісі» ) — ислам дінбасыларына берілетін ең құрметті атақ. Бұл термин 19 ғ.дың 2-жартысында пайда болған. Мұндай атақ мұсылмандар арасында шииттік ағымында қолданады.Әсіресе, ранда кең таралған.Иран революциясы тұсында 30-дан астам мужтаһидке осындай атақ берілді.Алайда Иран тәртібінің көсемі Хомейни бұл атақты беруге шектеу қойып, оны тек өзі шешетін болды.