
Аралас бунақты тармақтар. Біздің жоғарғы келтірген мысалдардың қайсысын алсақ та, әр тармағындағы бунақ не екі, не үш бунақтан аспайды. Әр жолдың бастапқы бунағы екеу болса, басқа бунақтары да екеу; үшеу болса, үшеуден келіп отырады. Өлеңнің бәрі бұлай бола бермейді, кейде өлең шумағының бір тармағында бунақ үшеу болса, екінші тармағында екеу не біреу болып, ара лас келетін де өлеңдер болады. Мұндай өлеңдер ескі ауыз әдебиетінде, осы күнгі поэзиямызда да кездеседі. Бұлар бұрынғы өлеңдерде, көбіне әнге салынып айтылатын өлеңдерде табылады. Мысалы:
/Бір толарсақ,/ /бір тобық/ /санда болар,/ /жар-жар,/
. . . . . . . . . . . . . . .
/Әкем-ай, – деп/ /жылама/ /байғұс қыздар,/ /жар-жар,/ /Әке орнына/ /қайын атаң/ /онда болар,/ /жар-жар,/ т. б.
(Аужардан)
/Біз – Отанның/ /ұланы,/
/Бейбітшілік/ /сақтаған./
/Тап қорғаны,/ /қырағы,/
/Қамал бұзған,/ /қайтпаған…/
(Пионер өлеңінен)
Бір тармағы екі бунақтан, кей тармағы бір бунақтан кұралады (басқа тармағы бір бунақтан құралғанда, бір тармағы үш бунақтан құралатын да өлеңдер болады. Мысалы, жоғарғы келтірген «Аужар», т.б.). Осылар сықылды, өлеңнің бір шумағындағы тармақтарының бунақ сандары кейде аз, кейде көп болып отыруын аралас бунақты өлең дейді.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ