
Теңеу мен эпитеттің өзара байланысы. Біз шығарманың тілі бір-бірімен байланысты екенін және мазмұнға бағынады. Ақын, жазушылардың шығармаларынан мысалдар келтіріп дәлелдеп өттік. Оқушыларымыздың шығармаға талдау бергенде қиындыққа ұшырамауы үшін, көркем тілдің кейбіреулеріне жекеше тоқтап мысалдар келтірелік. Теңеу мен эпитет бір-бірімен тығыз байланысты. Бір жолда не бір сөйлемдегі сөздерде эпитет те, теңеу де болуы мүмкін. Мысалы: « Көкпеңбек көк шатырдай көкшіл аспан. Сүйісіп алтын күнмен құшақтасқан». Мұнда бірнеше эпитет, бір теңеу бар. Шатырдың алдындағы көкпеңбек, көк, аспан деген сөздің алдындағы көкшіл – эпитет; көк шатырдай – теңеу, бірақ жай теңеу емес, көріктеліп барып теңелген теңеу. Бұл сықылды эпитет пен теңеулер аралас келе береді.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ