Жарлай арнау

Жарлай арнау. Сәбит «Сұлушаштың» «Кілт» деген бөлімінде (прологында) кімді жырлайтынын, нені айтарын, өзінің кім екенін, қай таптан шыққанын айтады. Мұнда бір адамға, не бір нәрсеге емес, көпшілікке қайрыла сөйлейді. «Сұлушаштың» осы «Кілт» деген бөлімінің бас жағы түгелдей жарлай арнауға жатады:

Қияға өрлеп, қырандай қанат жайып,

Табым десе, қозады аруағым, Түпсіз қара тұнықта суды кешсем, Тап қолыма медеу қып ұстар талым. Көзсіз көрдей басыма күндер туса, Табым қолда жарық қып ұстар шамым.

Менің табым – еңбекші, еңбек ері, Онсыз менде көрген күн – бұлдыр сағым.

                                                                (Сәбит)

Ыбырай Алтынсариннің:

Бір Аллаға сыйынып Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар, –

деген оқуға шақыруы да жарлай арнауға жатады.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *