АЯН(араб. Көзбен, өз көзімен көру) аян беру – адамның ұйықтап жатып, түс көруі кезінде оны не күтіп тұрғанын, болмаса қандай әрекеттер жасауы қажет екенін таныс, бейтаныс бейнелердің тікелей немесе әр түрлі ишараттар арқылы сездіруі.Дәстүрлі қазақ дүниетанымында тірі адамды желеп-желбеп жүретін ата-баба аруақтары А.беріп, ұрпағын қауіптерден сақтандырады деген сенім бар. Ұйықтап жатып көрген А. арқылы көп қинаған шаруаның оңымен орындалар сәтінің хабарын білетініне, өзінің болашақ әмірінің бағдары айқындаоғанына, үрім-бұтақтарының қалай өсіп-өнетіні туралы ишарат алатынына енген. Әсіресе, түсінде көрген ишарат көмегімен емшілер, өнерпаздар, діндар сопылар өз жолын таңдаған. Мұндай сенім өзге түркі халықтарында да бар. Мыс., атақты манасшылардың бәрі де үлкен жыршылық жолға түсер алдында түс көріп, Манастың өз бейнесін, оның серіктерін көреді, олардың сөздерін естид, айтушылар аузынан жыр жолдарын тыңдайды. Түс көру, аян және аян беру мен оны жоруға дейінгі рухани жан дүниесінде болатын процестердің бәрі – қазіргі заманғы ғылымның әлі танып-біліп болмаған құпия сырлары.