Архаизм

Архаизм (грекшеarchaios – мәңгі, ескі). Біз жоғарыда дәуірдің, қоғамның өзгеруімен тіл де өзгеріп отырады дедік. Бір қоғам өзгеріп, оның орнына екінші қоғам орнайды. Алғашқы қоғамның көп нәрселері кейінгі қоғамға керексіз бо лып, сахнадан шығып қалады. Сонымен байланысты кейбір сөздер де тұтынудан шығады. Бұрын қолданылып, қазірде ескірген, қолданудан шыққан сөздерді архаизм деп атайды.

Жазушының санасы да, тілі де өз ортасына, өзінің таптық идеясына бағынады. Ескі өмірді аңсаушы жазушылар жаңа дәуірді мейлінше жек көреді, сондықтан ескіні көксейді. Ескі тұрмысты дәріптейді, пайдаға асатын барлық нәрсені құрал етіп, жаңалыққа қарсы шығады. Соның ішінде мықты құралдың бірі – тіл. Мысал үшін Шәңгерейдің өлеңінен үзінді келтірелік:

Ағасың ақылың артық асқармен тең, Асылдың арқар ұранды тіреуі сен.

 . . . . . . . . . . . . . .

Артында аламанның біреуі мен.

Осы үзіндідегі «арқар ұранды», «аламан» дегендер, архаизмге жатады. Шәңгерей сөз табa алмай қолданып отырған жоқ, белгілі бір мақсатпен қолданды. Шәңгерейдің шығармаларынан басқа да, осы күні қолданылудан шыққан сөздерді, архаизмді көп табуға болады.

Тарихи көркем шығармаларда сол дәуірдің тұрмысы, салты, әдеті, ғұрпы суреттелгендіктен, кейбір архаизм сол кезде қолданылған, кейін қолданылмайтын зат, әртүрлі құрал-саймандардың аттары есебінде де қазіргі тілге енуі мүмкін. Әрине, мұндай жағдайларда жазушыларға сен ескішілсің, архаизмді шығармаларыңда көп қолданасың деу орынсыз болар еді. Тарихи тақырыпқа жазылған шығарманың өзіне тән ерекшелігі архаизмге жататын сөздердің оған енуі керек етеді.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *