
БИО ЗАҢЫ – табиғи оптикалық активтілігі болатын кристалл емес заттар (активті емес сұйықтар немесе ерітінділер) қабаты арқылы өтетін сызықтық полярланған жарық сәуленің полярлану жазықтығының айналу бұрышы (φ-ді) анықтайды: φ = [α]lс, мұндағы l – зат қабатының қалыңдығы, с – сұйық (ерітінді) шоғырлану қоюлығы, [α] – айналу тұрақтысы. Бұл заңды 1815 ж. француз физигі Жан Био (1774 – 1862) ашқан. Био заңы φ бұрыштың жарық сәуле жолындағы молекулалардың оптикалық активтілік санына пропорцияналдығын өрнектейді.