АЯҚБАС АҚЖАПЫРАҚ

АЯҚБАС АҚЖАПЫРАҚ (лат. Jurinea cephalopoda)-күрделігүлділер тұқымдасының 

ақжапырақ туысына жататын бұта. Қазақстанның Қаратау, Қызылорда, Түркістан өңірлерінде кездеседі. Биікт. 70 см. Бұтақталған сабағы тік өседі. Жапырақтары жіңішке, шеті сыртына қарай қайрылып келеді, ұзындығы 10 – 20 см, ені 2 – 5 мм-дей болады. Күлте жапырақшалары қошқыл қызыл түсті. Ақ түсті гүлдері дара себет гүшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жеміс береді. Тұқымы – төбесі төмен қараған пирамидатәрізді, 4 қырлы. Аяқбас ақжапырақ өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *