БАЙЛАНЫС ЭНЕРГИЯСЫ

БАЙЛАНЫС ЭНЕРГИЯСЫ (грекше «энергия – әсер, қызмет») – кез келген бөлшектер жүйесін (мысалы, атомның ядродан және электрондардан құралған жүйесі ретіндегі) оны құраушы бөлшектерге ажырату үшін шығындалатын жұмысқа тең және олардың бір-бірімен өзараәсерлесулері ескерілмейтіндей алыс қашықтатуға шығындалатын жұмысқа тең болатын байланыс энергиясы. Егер бөлшектер жиынтығы молекула құрайтын атомдар болса, байланыс энергиясы ретінде химиялық байланыстың, ал ядро құрайтын нуклондар (протондар мен нейтрондар) болса, ядролық байланыстың энергиясы қарастырылады. Байланыс энергиясы бөлшектердің өзараәсерлесуімен анықталады және теріс шама болады, себебі жүйе байланысықан кезде энергия бөлінеді. Байланыс энергиясының абсолют шамасы байланыстың беріктігін және жүйенің тұрақтылығын сипаттайды.
Мысалы, байланыс энергиясы атом ядросы үшін ядродағы нуклондардың күшті өзараәсерлесуімен анықталады және Эйнштейннің қатынасы бойынша масса ақауына пропорционал болады: ∆m:Δࣟ =Δmс2. Едәуір тұрақты ядролардың байланыс энергиясы жуық шамамен 8·106 эВ/нуклонға тең (меншікті байланыс энергиясы). Осы энергия жеңіл ядролардың едәуір ауыр ядроларға бірігуі (термоядролық реакция), сонымен қатар меншікті байланыс энергиясының кемуінің салдарынан ауыр ядролардың өздігінен ыдырауы кезінде бөлінуі мүмкін. Атомдағы немесе молекуладағы электрондардың байланыс энергиясы электрмагниттік өзараәсерлесумен анықталады және әрбір электрон үшін иондалу потенциялына пропорционал болады: мысалы, бұл шама сутек (Н) атомы үшін негізгі күйде 13,6 эВ-қа тең. Молекулалардағы және кристалдағы атомдардың байланыс энергиясы осы өзараәсерлесуден пайда болады. Гравитациялық өзараәсерлеуден пайда болатын байланыс энергиясы, әдетте өте аз және тек кейбір ғарыштық нысандар үшін ғана маңызды болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *