
БАЙЛАНЫСҚАН КҮЙ – жүйенің бөлшектер жүйесінің берілген периодты жүйеге арналған сипаттамасымен салыстырғанда ұзақ уақыт бойы кеңістіктің шектелген аймағында (шектеулі болатын) әлгі жүйенің салыстырмалы қозғалысының жүзеге асырылуы кезіндегі күйі. Табиғатта жұлдыздық шоғырлар мен макроскопиялық денелерден бастап микронысандарға – молекулаларға, атомдарға, атом ядроларына дейін байланысқан күйлер молшылық. Көптеген қарапайым бөлшектердің (а д р о н д а р д ы ң) материяның едәуір іргелі бөлшекте- рі – кварктер болып табылуы мүмкін.
Байланысқан күйдің құрылуы үшін, ең болмағанда жүйе бөлшектерінің арасында белгілі қашықтықтықтардағы тартылыс күшінің болуы қажет. Тұрақты байланысқан күйлер үшін жүйе массасы оларды құраушы бөлшектердің қосынды массасынан кем болады; олардың арасындағы осы айырым ∆m жүйенің байланыс энергиясын анықтайды: ࣟбк=∆mc2.
Байланысқан күй классикалық механикада жүйе, мысалы, (немесе ғаламшарлар) бірін-бірі тартатын екі бөлшек әрқашан байланысқан күй түзеді.
К в а н т т ы қ м е х а н и к а д а ғ ы байланысқан күйдің құрылуы үшін классикалық механикадағыдан айырмашылығы, тартылыстық потенциалдық энергия мен тартылыс күшінің әсер ету радиусының жеткілікті үлкен болуы қажет.