
БАЙЛАНЫС, ф и з и к а д а ғ ы, атомдар, электрондар, иондар т.б. қарапайым бөлшектер, үрдістер, құбылыстар, тағы да басқалар арасындағы қатынастарды айғақтайды.
Атомдық байланыс – коваленттік байланыс болып табылады.
Әлсіз байланыс – асқынөткізгіштің екі аймағын – кризистік тогы әлгі өткізгіштің өзге көлеміндегі токтан аз болатын аймағымен қосу.
Донорлық-акцепторлық байланыс – бір атомның (донордың) ажырамаған электрондар жұбы мен өзге атомның (акцептордың) энергиясының бос деңгейі есебінен жүзеге асатын химиялық байланыс.
Иондық байланыс – иондар арасындағы электрстатикалық өзараәсерлесу нәтижесінен туындайтын химиялық байланыс.
Кері байланыс – кез келген үрдіс нәтижесінің осы үрдістің өзіне қайтарымды әсер етуі.
Металдық байланыс – металдық қасиеттері болатын заттардағы оң иондар мен электрондық газдардың өзараәсерлесуі себепші болатын химиялық байланыс.
Сутектік байланыс – сутек атомы мен бір молекулаға немесе өзге молекулаға тиісті әрі ажыратылмаған электрондар жұбы болатын атом арасындағы тартылыс күші.
Химиялық байланыс – әртүрлі атомдарға тиісті электрондардың осы атомдар үшін ортақ болуы нәтижесінде пайда болатын молекула атомдарының арасындағы байланыс.
Идеал байланыстар – жүйенің мүмкін болатын кез келген орын ауыстырула- рындағы механикалық байланыстардың реакцияларының қарапайым жұмыста- рының қосындысы нөлге тең болатын механикалық байланыс.
Механикалық байланыстар – қарастырылып отырған жүйенің қалпына (орнына) немесе қозғалысына қойылатын шектеулер.
Тұрақты байланыстар – теңдеулерінде уақыт айқын көрсетілмейтін (болмайтын), яғни уақытқа тәуелді болмайтын механикалық байланыстар.