ӘСЕР ЖӘНЕ ҚАРСЫ ӘСЕР ЗАҢЫ

ӘСЕР ЖӘНЕ ҚАРСЫ ӘСЕР ЗАҢЫ – механиканың екі материалдық дененің бір-біріне тигізетін әсерлері – шамалары бойынша тең және бағыттары бойынша қарама-қарсы болатынын тұжырымдайтын заңы (Ньютонның үшінші заңы). Мысалы, жазықтықта жатқан жүктің осы жазықтыққа түсіретін қысым күші – жазықтықтың жүкке тигізетін күшіне (реакциясына) тең; Жердің Айды өзіне қарай тарту күші – Айдың Жерді өзіне қарай тартатын күшіне тең т.с.с. Әсер және қарсы әсер заңы механикалық жүйелер қозғалыстарын зерттеуде маңызды болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *