ӘСЕР

ӘСЕР – өлшемділігі энергия мен уақыттың көбейтіндісіне тең және жүйе қозғалысының маңызды сипаттамаларының бірі болатын физикалық шама. Механикалық жүйелер үшін әсердің мынадай маңызды қасиеттері бар: егер осы жүйенің екі қалпы арасындағы мүмкін болатын қозғалыстардың бірқатар жиынтығы қарастырылатын болса, онда жүйенің ақиқат (іс жүзінде жүзеге асатын) қозғалысының осы мүмкін болатын қозғалыс арасындағы айырмашылығы оның әсер мәні ең аз болатын жағдайға сәйкес болады. Осы жайт механикалық жүйенің қозғалыс теңдеулерін анықтауға және қозғалысты зерттеуге мүмкіндік жасайды.
Әсер ұғымы классикалық механикада қолданылуымен қатар серпімділік теориясында, электрдинамикада, термодинамикада қайтымды үрдістерде (процестерде) пайдаланылады.
Физикалық шамалардың кванттық теориясында әсер өлшемділігі болатын әсер тек Планк тұрақтысының бүтіннің жартысына немесе бүтін санға тең дискретті мәндерін қабылдайды және сонымен қатар әсер кванты деп те аталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *