АЯГӨЗ АУДАНЫ

АЯГӨЗ АУДАНЫ — Шығыс Қазақстан облысының батыс жағында орналасқан әкімшілік ауданынан 1928 ж. құрылған. Жері 49,5 мың км². Тұрғыны 88,2 мың адам (1997).Аудан орталығы — Аягөз қаласы. Ірі елді мекендері: Дөненбай, Қарағаш, Майлин, Баршатас, Сарыарқа, Мамырсу, Тарлаулы, Тарбағатай аудандары, Ақтоғай. Аягөз ауданының солтүстігі сай-жыралы, өзенді, көлді, оңтүстігі Балқаш-Алакөл ойысымен астасқан жазық болып келеді. Климаты тым континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардағы орташа ауа температурасы — 17°С, шілдеде 22°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 — 400 мм. Қар қазанның ақыры — қарашаның басында түсіп, сәуірге дейін жатады. Аудан аумағынан Аягөз т.б. кішігірім өзендер ағып өтеді. Топырағы сортаң, кей жерде қоңыр және сұрғылт. Табиғи өсімдіктерден боз, бетеге т.б. өсімдіктер өседі. Жабайы аңдардан: арқар, қасқыр, аю, түлкі, борсық, қоян, сартышқан, құстан: қаз, үйрек, шағала т.б. мекендейді. Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км² жерге 2 адамнан келеді. Автомобиль жөндеу з-тыт.ж. торабы, вагон, локомотив депосы, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, жүн өңдеу ф-касы, “Аягөз — нан”, “Аягөз — көлік”,“Аягөз — астық” акционерлік қоғамдары, баспахана, қалалық жылу орталығы т.б. жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер аумағы 4452,8 мың га (1997). Аягөз ауданында клубтар, мәдениет үйлері, халық театры, мұражай, кітапханалар, бастауыш және орта мектептер, ауруханалар т.б. мекемелер бар. Аудан жерін Түркістан — Сібір темір жолы басып өтеді. Тұрғындары елді-мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Аудан аумағында 18 тарихи ескерткіш, оның ішінде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” мазары бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *