
АУА – Жер атмосферасы құралатын газдар қоспасы (құрамында азот – 78,08%, оттек – 20,95%, инертті газдер мен сутек – 0,94%, көмірқышқыл газы – 0,03%, аздаған – азон, т.б. газдар). Орташа молекулалық массасы жуық шамамен – 29 атомдық бірлікке тең. 0°С-тағы ауаның теңіз деңгейіндегі қысымы 101325 Па (1 ат немесе 760 мм сынап бағанына тең). 1 л ауаның қалыпты жағдайдағы шартты массасы 1,2928 грамға тең; қалыпты қысымдағы сұйық ауаның қайнау температурасы 83 К. Кризистік (шұғыл өзгерістік) температурасы 140,7°С, кризистік қысымы 3,7 МН/м2. Есептеу жұмыстарында ауаны идеал газ ретінде қарастыруға болады.