АТОМНЫҢ ТҰРАҚТЫ КҮЙІ

АТОМНЫҢ ТҰРАҚТЫ КҮЙІ – белгілі бір ішкі энергиясы болатын атомның сәуле шығармайтын негізгі (таратпайтын) күйі. Атомның тұрақты бір күйден өзге күйге ауысуы секірісті жүзеге асырылған кезде атом белгілі бір мөлшерлі (квантты) энергия шығарады (таратады) немесе жұтады. Осы жағдайда әрбір атомның тұрақты күйін сипаттайтын энергия жиынтығы – энергиялар деңгейлері жүйесі сәйкес болады. Атомның тұрақты күйінің болатынын 1913 ж. дат физигі Нильс Бор (1885 – 1962) өзінің атом теориясында постулат ретінде тұжырымдаған және бұл күй кванттық механикада негізделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *