АЮХАНОВ(ҚУАТОВ)  БОЛАТ ҒАЗИЗҰЛЫ

АЮХАНОВ(ҚУАТОВ) БОЛАТ ҒАЗИЗҰЛЫ(13.9.1938 ж.т., Семей) – биші, педагог, балетмейстер.Қазақстанның халық артисі (1973). А.Алматы хорегрУч-щесін ( А.В.Селезневтің класында) бітірген(1955).  1955-57 ж. Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) А.Я.Ваганова атынд.би академиясында білімін жалғастырды. 1957-59 ж.Қазақ опера және балет театрының бишісі болды. 1959-64 ж. ГИТИС-тің балетмейстерлік бөлімінде оқыды. 1967 ж. «Алматының жас балеті» ансамблін құрды. Сол жылдан бастап осы ансамбльдің билері мен хореогр. Миниатюраларды, композицияларды («Аққу», «Айтыс», «Аңшылар биі», «Жайдараман»), бір, екі аяқтылы балеттерді (М.Равельдің «Болеросы», Вс. Булгаровскийдің «Қазақ сувенирі» А.Исакованің «Гамлет», «Жарыс», «Батырлары», Т.Қажығалиевтің «Керуені» ) сахнаға қойды.  «Біздің жеріміздің байлығы» («Свердловскфильм», 1960), «Жауым, тоғызыншы ұлдан қорық», «Түнектің әміршісі», «Айдай сұлу Айсұлу ертегісі туралы», «Қайсар», «Мадам Вонг қазынасы», «Несібелі», «Репетиция», «ІІІабыт» кинофильмдеріне түскен. Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: 30 балет, 150 концертті номерлер. ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының негізін қалаушы. ҚР Халық әртісі. «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. «Платиналық Тарлан» (2000), «Алтын Адам» (2008) сыйлықтарының, мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *