АНТИНЕЙТРОН

АНТИНЕЙТРОН (ñ,ഥ݊) – нейтронға қатысты антибөлшек. Нейтрон тәрізді антинейтрон да электрлік қасиеті жағынан бейтарап бөлшек. Антинейтронның массасы нейтрон массасына тең. Олардың магниттік моменттерінің абсолюттік шамалары бірдей, бірақ таңбалары қарама-қарсы болады. Антинейтрон алғаш рет 1956 ж. американ физиктері Б.Корктың, Г.Ламбертсонның, Орест Пиччионидің (1915 – ?) және В.Венцельдің антипротондар шоғын шашыратуға арналған тәжірибелерінде ашылған. Нысана ядросымен соқтығысқанда, антипротон ядро құрамындағы протонның біреуіне өзінің теріс зарядын бере алады (немесе оның оң зарядын алады). Осы үрдіс (процесс) кезінде қос бөлшек – нейтрон және антинейтрон пайда болады. Басқа ядро құрамындағы нейтронмен немесе протонмен соқтығысу кезінде аннигиляциялауы антинейтриноның пайда болуының куәсі болып табылады. Антинейтрон фотоэмульсия, Вильсон камерасы тәрізді тіркеуші аспаптарда із қалдырмайды. Бірақ аннигиляция кезінде бір нүктеден тарайтын бірнеше зарядты бөлшектердің іздері пайда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *