
АНТИКВАРКТЕР – мезондар мен антибариондарды құрайтын кварктерге қатысты антибөлшек. Адрондардың құрама моделдеріне сәйкес мезондар анти- кварктер мен кварктердің байланысқан, ол антибариондар – үш кварктің байланысқан күйлері болып табылады. Антикварктердің спині ½-ге, бариондық заряды ⅓-ге тең. Антикварктердің электр заряды сәйкес кварктердің зарядтарына қарама-қарсы.