АЮБАЛДЫРҒАН

АЮБАЛДЫРҒАН, айбалдырған (лат. Angelica) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын формасы шатырша келетін гүлшоғырының диаметрі 25 сантиметрге дейін жететін көпжылдық және екіжылдық балдырған сияқты өсімдік. Алтай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара), Батыс Тянь-Шань тауларының орта белдеулеріндегі өзен-көл, бұлақ, жылғалар бойында өседі. Қазақстанда 2 түрі: шоқсары аюбалдырғаны (A. decurrens) және қысқа сабақты аюбалдырған (A. brevіcaulіs) деп аталатын 2 түрі кездеседі. Бұлардың биікт. 1–2 м-дей, қырлы, қатты, қуыс сабағының жуандығы 5–6 см. Жапырақтары ірі, қауырсын тәрізденіп тілімденген. Шатыршалары көп гүлді, көлденеңі 20 см-дей болады. Гүлдері ақ, қызғылт сары, жасыл түсті келеді. Тамыз айында гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Аюбалдырған – азықтық, дәрілік, бояуыш, әсемдік және шірнелі өсімдік. Сүрлемге салуға болады. Құрамында эфир майы көп болғандықтан кондитер, парфюмерия, ликер-арақ өндірісінде пайдаланылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *