
АННИГИЛЯЦИЯ (латынша «аннигилатио – жойылу, құру») жұптар аннигиляциясы – қарапайым бөлшектер мен оның антибөлшектерінің соқтығысулары кезінде өзге қарапайым бөлшектерге айналу үрдісі. Осы үрдіс кезінде қарапайым бөлшектер біржолата жойылып кетпейді, материяның бір түрінен екінші түріне айналады. Мысалы, аннигиляция нәтижесінде электрон мен позитрон фотонға, ал нуклон мен антинуклон негізінен π және К-мезонға айналады. Энергия мен импульстің сақталу заңына сәйкес аннигиляция кезінде ең кемі екі жаңа бөлшек бөлініп шығады. Егер аннигиляцияға қатысатын бөлшектің бірі байланыста (атоммен, ядромен) болса, онда бір ғана бөлшектің бөлініп шығуы мүмкін. Аннигиляция үрдісін алғаш 1930 ж. бақылаған ағылшын физигі Патрик Блэ- Позитрон (е+) мен элек- кетт (1897 – 1974) болғанмен, оны дәлелдеген және соның тронның (е–) фотон шы- ғару аннигиляциясы нәтижесінде жасанды позитрондық радиоактивтілікті ашқан француз физигі Фредерик Жолио-Кюри (1900
– 1958) болады. Аннигиляцияға кері үрдіс – қос бөлшектердің пайда болуы да байқалған. Мысалы, энергиясы 1,02 МэВ-тан жоғары фотон электрон мен позитронға айналады. Бұл үрдістің теориясын релятивтік кванттық механика негізінде ағылшын физигі Поль Дирак (1902–1984) тұжырымдады.
Алғашқы кезде аннигиляция атауымен электронмен оның қарама-қарсы антибөлшегі – позитронның бірбірімен соқтығысуы кезіндегі электрмагниттік сәулеге (фотонға немесе гамма-квантқа) айналуы аталған болса, кейіннен қарапайым бөлшек пен оның антибөлшегінің аннигиляциясы – қарапайым бөлшектердің өзара бірінің-
Аралық күйлі виртуалды біріне айналуының бір түрі деген анықтама орнықты.
фотонды аннигиляция (а), Аннигиляция құбылысының болуы және антибөл- виртуалды фотонды ан-
нигиляция (б) шектердің кездесуі Дирактың релятивтік теңдеуінен туындаған болатын. 1932 ж. ғарыштық сәулелер құрамынан позитрон табылған, ал 1933 ж. электрон-позитрон (е+ және е–) жұбының аннигиляциясы тіркелген. е+ және е– жұптарының аннигиляциясы кезінде зарядтық жұптың сақталу заңы бойынша жұп санды γ-кванттар пайда болған. Адрондық соқтығысуларда жоғары энергиялар кезінде μ+ μ– жұптарының туу үрдісіне кварктер мен атикварктердің электрмагниттік аннигиляциясы себеп болады.