
АНИОН (грекше сөзбе-сөз – жоғары жүруші) – электр өрісінде анодқа қарай қозғалушы теріс зарядталған ион. Көптеген тұздардың, қышқылдардың және негіздердің ерітінділері мен балқымаларында кездеседі. Иондық кристаллдардағы теріс зарядталған иондар да анион деп аталған.