АНИЗОТРОПИЯ

АНИЗОТРОПИЯ (грекше «анизос – бірдей емсе» + «тропос – бағыт») – заттардың физикалық қасиеттерінің (механикалық, оптикалық, магниттік, электрлік т.б.) бағыттарға тәуелділігі. Табиғи анизотропия – кристалдарға тән қасиет; мысалы, слюда пластинкасы белгілі бір жазықтықта (осы жазықтықта бөлшектер арасындағы ілінісуі күші ең аз шамаға тең) жұқа қабыршақтар қабаттарға ажырап бөлінеді. Кристалдардың кейбір қасиеттерінде (мысалы, тығыздығы және мен- шікті жылу сыйымдылығында) анизотропиялық қасиеттер жоқ. Мысалы, жарықтың мөлдір кристалдарда таралуы кезінде (кубтық торлы кристалдардан өзгелерінде) жарық қосарланып сыну құбылысына ұшырайды және әртүрлі бағыттарда әрқи- лы полярланады.
Кристалдардың анизотропиясының себебі – олардағы бөлшектердің реттілік- пен орналасуының салдары болып табылады. Кейбір сұйықтардың, әсіресе сұйық кристалдардың анизотропиясы молекулалардың асимметриясымен және олардың белгілі бір бағытқа бағдаралануына байланысты туындаған. Поликристалды материалдардың барлығы дерлік изотропты. Бұлардың анизотропиялық қасиеттері олардың өңделуінің (жасытудың, сығымдаудың) нәтижесінде текстура жасалғанда пайда болады. Анизотропия кристалл емес заттарда да байқалады. Мысалы әйнек шынықтырылғанда анизотропиялық қасиет пайда болады. Крис- талдар мен изотропты орталарда электр өрісінің ықпалымен жасанды оп- тикалық анизотропия түзіледі.
Магниттік анизотропия – денелердің магниттік қасиеттерінің әрқилы бағыттарда әрқалай болуы.
Оптикалық анизотропия – орталардың оптикалық қасиеттерінің полярлану бағыттарына тәуелді айырмашылығының болуы.
Серпімділік анизотропиясы – заттардың серпімділік қасиеттерінің деформация жүзеге асатын бағытқа тәуелділігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *