АНАМОРФТАУ

АНАМОРФТАУ (грекше «анаморфо – түрлендіремін») – нысан кескіндерінің сыртқы пішіндерін оптикалық немесе өзгедей тәсілімен өзгерту (түрлендіру). Анаморфтау арнайы оптикалық жүйелер, сондай-ақ заттың және (немесе) экранның жазықтығын көлбеулету арқылы жүзеге асырылады. Кескіндерді анаморфтау үшін цилиндрлік линзалар және оптикалық айналар, сыналық және басқа оптикалық жүйелер қолданылады. Екі өзара перпен- ?????????????
дикуляр бағытталған кескіндердің созылып ұлғаюының қатынасы анаморфтау (анаморфоздар) коэффициенті деп аталған. Тік және көлденең бағыттарда біркелкі кішірейтіліп сығымданған немесе созылған анаморфтау көп таралған (әсіресе кинотехникада).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *