АЛМАСТЫРУ

Алмастыру (грек. ‘metonymіa’ – ауыстыру, қайтадан атау) — қазақ әдеби тілінде  өзара байланысты, балама ұғымдарды қолдану арқылы белгілі бір  құбылысты көрсету үшін оның ерекше қасиетін беретін троптың (құбылтудың) бір түрі. Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту алмастыру деп аталады. Мысалы: «Анау үйдің құдасы келіп жатыр» дейміз. Құда үйдікі емес, ол үйдегі адамдікі, үй мен үй иесінің арасы жақындығынан бірінің орнына бірін айтамыз.

                                                      А.Байтұрсынұлы. Әдебиет танытқыш.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *