АКУСТИКАЛЫҚ-ЭЛЕКТРЛІК ЭФФЕКТ

АКУСТИКАЛЫҚ-ЭЛЕКТРЛІК ЭФФЕКТ (латынша «еффектус – орындалу, әсер») – өткізгіштен акустикалық (ультрадыбыстық қума) толқындардың өтуі кезінде тұйық электр тізбегінде тұрақты токтың (акустикалық электрлік токтың) немесе өткізгіштің ажыратылған ұшында электр кернеуінің (акустикалық электр қозғаушы күштің) пайда болуы. Бұл эффект – акустикалық электрондық өзараәсерлесудің бір түрі. Ультрадыбыстық толқындардың өткізгіштік элек- трондарға импульс (және сәйкес энергия) таратуына байланысты ток туады. Осы жайт дыбыстың таралу бағыты бойынша заряд тасығыштардың бағытталған қозғалысын, яғни электр тогын тудырады. Бұл эффектіні 1953 ж. Р.Пармен- тер алдын ала болжаған, оны алғаш рет 1957 ж. Г.Вайнрайх және Х.Дж.
Уайт байқаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *