АКУСТИКАЛЫҚ ПАРАМАГНИТТІК РЕЗОНАНС

АКУСТИКАЛЫҚ ПАРАМАГНИТТІК РЕЗОНАНС (АПР), электрондық
АПР – тұрақты магнит өрісінде орналасқан парамагниттік кристалдардағы белгілі жиілікті серпімді толқындардың (фонондардың) энергияларын талғамалы жұту. АПР әдеттегі электрондық парамагниттік резонанспен (ЭПР) тығыз байланысты. АПР кезіндегі акустикалық энергияның парамагниттік бөлшектерге берілуі спинфонондық өзараәсерлесулер арқылы жүзеге асады, бұл кристалішілік, акустикалық өрістердің (электрлік немесе магниттік) тербелістерін модуляциялау тәсілімен жүзеге асады.
АПР кезінде кванттық сан m = ±1, ±2 болғанда, әдеттегі ЭПР-та кванттық сан m = ±1 болғанда таңдау ережесін қанағаттандыратын ауысуларда байқалады. АПР жиілігі 109–1011 Гц гипердыбыс аумағында байқалады. Металдарды және жартылайөткізгіштерді зерттеу үшін скин-эффект қиындық тудыратын әдісі қолданылмайтын кезде АПР пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *