АКТИВТІ ОРТА

АКТИВТІ ОРТА – кванттық жүйенің энергетикалық деңгейлерінің то- лымдылық инверсиясы жүзеге асырылған орта. Егер активті ортаның кванттық күшейту коэффициенті энергияның шығындалу коэффициентінен артық болса, активті орта өзінен өтетін резонанстық электрмагниттік сәулені күшейтетін бо- лады. Осындай байланысты қолданатын активті ортаны когерентті электрмагниттік генератор жасау үшін пайдалануға болады. Осы мақсат үшін атомдардың не- месе молекулалар энергиясының бір немесе бірнеше жоғары деңгейлерінің тө- менгі деңгейлермен салыстырғанда едәуір артық толымдылықпен қамтамасыз ететін талғамалы қоздырылуы қажет. Бұл үшін оптикалық толтыру әдісі пайдаланылады. Жартылайөткізгіштерде активті ортада заряд тасушылардың инжекция- сын тудыруға болады: ол үшін шапшаң электрондармен атқылау; оптикалық қоздыру; электр өрісінде электрлік тесу қолданылады. Активті орта газдарда электрлік разрядтармен тудырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *