АЙҚЫНДАУ

АЙҚЫНДАУ

Айқындау  (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі айқындау ретінде көп қолданылады.

Алтын сөзі бірнеше мағына береді: 1) түс (алтын күз);

2)      әдемілік (алтын қасықтай);

3)      құтты мекен (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ);

4)      атақ-дәреже (алтын жаға);

5)      қазына-байлық (алтын сандық);

6)      жаны таза, адамгершілігі мол адам (алтын адам, алтын кісі).

Айқындау көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады.

Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық.

                                            — Алматы, 2010.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *