
АКТИВТІЛІК, радиоактивті көздердің активтілігі – энергиялы әрекетті- ліктің күшейген күйі. Уақыт бірлігіндегі радиоактивтік ыдыраудың саны. Актив- тіліктің Халықаралық бірліктер жүйесінің бірлігі – беккерель (Бк). 1 Бк = 1 секундта 1 ыдырауға сәйкес келеді. Жүйеден тыс бірлігі – кюри (Ки). 1 Ки = 3,7·1010 Бк.
Беттік активтілік – адсорбцияланушы заттың беттік керілу күшін азайтатын (төмендететін) адсорбциялаушы заттың қасиеті.
Меншікті активтілік – радиоактивтік сәуле көзінің активтілігінің осы көздегі заттардың массасына қатынасы.
Оптикалық активтілік – ортаның өзінен өтетін оптикалық сәуленің полярлану жазықтықтығын айналдыру қасиеті.
Радиоактивтік сәуле көзінің активтілігі – радиоактивті атом ядролары кө- зінің толық ыдырау санының осы ыдырау өтетін уақыт аралығына қатынасы.
Термодинамикалық активтілік – идеал жүйелерге арналған теңдеулер ар- қылы нақты жүйелерді сипаттауға мүмкіндік жасайтын және эффективті шо- ғырланулар (концентрациялар) бола алатын физикалық шама.