АДРОНДЫҚ АТОМДАР

АДРОНДЫҚ АТОМДАР – оң зарядталған ядроның кулондық тартылыс ар- қылы теріс адрондарды ұстайтын атомдарға ұқсас жүйелер. Пиондық (π–), каондық (К–), антипротонды (р–) және гиперондық (Σ–) атомдар байқалған. Адрондық атомдар заттарда теріс адрондардың баяулауы кезінде пайда болады. Негізгі кванттық санды n > (m/mе)1/2 жоғары күшті қоздырылған күйдегі атом электрон орнына ад- ронды қармайды (мұндағы m – теріс зарядты адронның массасы, mе – электронның массасы). Адронның электронды ауыстыруы жүзеге асатын атомдық деңгейлер рентгендік сәуле шығару арқылы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *