АҒЫН

АҒЫН – кез келген табиғатты заттардың (бөлшектердің, құбылыстардың) әйтеуір бір ортадағы немесе өрістегі және басқа кеңістіктегі қозғалыстарға қатысатын массаларының өлшемелік сипаттамасы.
Жарық ағыны – жарықтың көріну сезімін тудыру қасиеті ескерілген жарық қарқындылығының сипаттамасы.
Жылулық ағын – белгілі бір уақыт аралығында тұрақты температуралы бет арқылы өтетін жылу мөлшерінің уақыт аралығына қатынасы.
Магниттік ағын – кез келген бет арқылы өтетін магниттік индукция векторының ағыны.
Сәуле ағыны – кез келген бет арқылы электрмагниттік сәуленің таситын толық қуаты.
Сұйық ағыны – белгілі бір уақыт аралығында кез келген бет арқылы өткен сұйық массасының әлгі уақыт аралығына қатынасы.
Ығысу ағыны – кейбір бет арқылы өтетін электрлік индукция векторының ағыны.
Энергия ағыны – кез келген бет арқылы электрмагниттік толқындар таситын қуат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *