
АВОГАДРО ТҰРАҚТЫСЫ, Авогадро саны – заттардың мөлшер бірлі- гіндегі (бір мольдегі) элементтердің құрылымдық (атомдардың, молекула- лардың, иондардың немесе өзге бөлшектердің) саны. Итальян физигі Амедео Авогадроның құрметіне аталған, NА шартты белгісімен белгіленген. Авогадро тұрақтысы – көптеген өзге физикалық тұрақты шамаларды (Больцман тұрақ- тысын, Фарадей тұрақтысын, т.б.) анықтау үшін қажет іргелі тұрақтылардың бірі.
Авогадро тұрақтысының мәні NА=6,022045(31)·1023 моль–1.