Сюжет

Сюжет (французша – sujet – зат). «Сюжет дегеніміз, – дейді А.М.Горький, – жалпы айтқанда, адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр алуан әдеби мінездің (образ мағынасында) өсу, жасалу тарихы».

Эпикалық, лиро-эиикалық немесе драмалық, шығармаларды алсақ (оқиғаның, неден басталуынан бастап, немен аяқталуына шейін), оқиғалары бір-бірімен байланысты және үзілмей дамып отыратындығын көреміз. Оқиғаның даму жолында оған қатысушы адамдар өзара байланыста, қарым-қатынас, күрес, тартыстарда болады. Қимыл, ісәрекет, талас-тартыс үстінде әркімнің мінезі, наным-сенімдері, күйінішсүйініштері айқындала да және сол адамдардың қарым-қатынастарына жазушының қалай қарайтындығы да сезіледі. Осылардың бәрін бір сөзбен айтқанда шығарманың сюжеті.

Әрі қысқа әрі дәл ғылыми дұрыс, тұжырымды түрде сюжетке берген Горькийдің жоғарғы анықтамасы, барлық әдебиет теоретиктері қолданып жүрген классикалық үлгі деуге болады.

Әр шығарманың көлеміне қарай өзіне лайықты сюжеті бола ды. Түсінікті болу үшін мысал ретінде оқушыларға мәлім Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты әңгмесін алалық:

«Тарғыл өгіз сойған көлінің маңын жайлайтын елдердегі құдандалыққа сүйеніп, Сыр бойын қыстайтын Жаппас елінің атақты байы Есімбек деген адам жылда көшіп келіп жайлайды. Оның төрт ұлы, бір қызы болады. Қызының аты – Шұға. Өзі сұлу, хат танырлық білімі бар. Есімбектің қызына бұл елдің бозбаласы қанша құмар болса да, Шұға ешқайсысына ыңғай бермейді. Тағы бір жылы көшіп келгенде, қалада оқып, мұғалімдік дәрежеге қолы жетіп, басқа бір елде жалданып бала оқытушы Әбдірахман дейтін жігітпен ІІІұға танысады. Екеуінің арасында сүйіспендік басталады, бірақ қыздың әкесі, ағалары Әбдірахманды мейлінше жек көреді. Оны кедей деп өздеріне тең көрмейді, мұның үстіне Есімбекке бір сауда мәселесі жөнінде Әбдірахман қарсы болып, Есімбекке кедейлерді алдатпаған бір жері бар екен, ол тағы себеп болады. Әбдірахманды елдің ақсақалдары да ұнатпайды, өйткені оның әр алуан жаңашылдықтарын көре алмайды. Оны шоқынды, дінсіз деген лақап таратады. Оның үстіне Айнабай деген сол елдің бір алаяқ қуы Күлзипа деген өзінің қызын Әбдірахманға бермек болып, Әбдірахманның әкесін айналдырып алады. Бірақ Әбдірахман әкесінің тілін алмайды. Әйтсе де есек дәме болып, үмітін үзбей жүрген Айнабай Шұға мен Әбдірахманның араларындағы  жақындықты естіп, өзін қорлады деп біледі де, оған қолынан келгенше қастық. ойлайды. Алдымен қыздың әкесіне қызыңды Әбдірахман алып қашқалы жүр деп хабар жеткізеді. Шұға мен Әбдірахманның жолығуы қиынға соғады. Бұрын хат тасып тұратын қойшы бала Базарбайды Есімбек қуып жібереді, оның ағасы Қасымжан да ол ауылға бара алмайды. Енді арадағы тіл үзіледі. Өстіп жүргенде, Айнабай жоғарғы өкімет орнына: «Әбдірахман елден түріктерге ақша жинап жүр»,– деп жала жауып, өтірік арыз береді. Сол арыз бойынша, елге приставтан адам келіп, Әбдірахманды ұстайды».

Композицияның негізгі элементтері: экспозиция, байланыс, дәлелдеу, ситуация, оқиғаның шиеленісуі, шарықтау шегі, шешу.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *