Кейіпкерлердің тілі. Образ жасауда кейіпкерлердің тілі шешуші орын алады. Кейіпкерлердің, сөздері монолог және диалог түрінде кездеседі. Монолог (грек сөзі – monos – бір, logos – сөз) – бір адамның сөзі.
Шығармада қатысушы біреуге не көпшілікке қайырыла сөйлесе, басқасы оның сөзін бөлмей, тек тыңдаушы есебінде болса, ондай сөз монолог болады.
Қ.ЖҰМАЛИЕВ