АЙҚЫНДАУ

АЙҚЫНДАУ
Айқындау (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі айқындау ретінде көп қолданылады.
Алтын сөзі бірнеше мағына береді: 1) түс (алтын күз);
2) әдемілік (алтын қасықтай);
3) құтты мекен (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ);
4) атақ-дәреже (алтын жаға);
5) қазына-байлық (алтын сандық);
6) жаны таза, адамгершілігі мол адам (алтын адам, алтын кісі).
Айқындау көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық.
— Алматы, 2010.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *