Адресат (нем. аrdessat – алушы) терминінің сөздіктерде 1) тыңдаушы, әңгімелесуші, қарым-қатынас әріптесі; 2) қарым-қатынас жағдая тының бір компоненттерінің бірі; 3) ақпараттық эмотивтік немесе допативтік әрекет қаратыла айтылған адам деген үш түрлі анықтамасы беріледі. Н.Уәли «Адресат – қарым-қатынас жағдаятының тыңдаушы компоненттерінің бірі болып табылатын, ақпараттық эмотивтік немесе допативтік әрекет қаратыла айтылған адам. Адресат – ауызша немесе жазбаша мәтін (оның ішінде құжаттық) түрінде рәсімделген хабарламаны алушы, қабылдаушы» деп түсіндіреді. Сөйлеу үрдісінде адресаттың жынысын, жасын, мәдени деңгейін, оның қоғамдағы орнын, сіз айтайын деген ақпараттың оған қаншалықты дәрежеде маңыздылығын т.б. да ерекшеліктерін ескерген жөн. Өйткені аталғандардың барлығы адресаттың ауызша немесе жазбаша сөйлеу нәтижесінде алған ақпаратын меңгеруіне әсерін тигізеді. Егер адресат жеке тұлға емес, топ, ұжым немесе құрамы жас ерекшеліктері жағынан әркелкі адамдардан құралған аудитория болса, сөйлеудің түрлі тәсілдерін таңдауға тура келеді.
Н.Уәли. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері.
– Алматы, 2007.
А.Абасилов Әлеуметтік лингвистика сөздігі. –
Алматы, 2016.
АДРЕСАНТ Адресант (нем. аrdessant – жолдаушы) – 1) белгілі бір тілде қарым-қатынас жасаудағы сөйлеуші, әңгімелесуші; 2) қарым-қатынас жағдаятының бір сыңары (адресантпен бірге, яғни сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы: ресми – бейтарап – достық қатынастар, қаты нас құралы, қатынас тәсілі, қатынас орны компоненттерінің бірі) 3) ақпарат беруші адам, ақпараттық эмотивтік немесе допативтік әрекет субъектісі, ой-