АДРЕСАНТ

АДРЕСАНТ
Адресант (нем. аrdessant – жолдаушы) – 1) белгілі бір тілде қарым-қатынас жасаудағы сөйлеуші, әңгімелесуші; 2) қарым-қатынас жағдаятының бір сыңары (адресантпен бірге, яғни сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы: ресми – бейтарап – достық қатынастар, қаты нас құралы, қатынас тәсілі, қатынас орны компоненттерінің бірі) 3) ақпарат беруші адам, ақпараттық эмотивтік немесе допативтік әрекет субъектісі, ой-көзқарасын жеткізуші т.б. Бұл термин туралы Н.Уәли «ауызша немесе жазбаша мәтін түрінде рәсімделген хабарламаны жіберуші. Мәтіннің авторы немесе мәтінді жеткізуші диктор адресант болып табылады» деп түсіндіреді. Ғалым адресат пен адре санттың арасындағы тілдік қарым-қатынастың төмендегі түрлеріне тоқталады: «Адресант өз сөзінің тигізер ықпалын болжай отырып, өзінің түпкі мақсатына жету үшін адресаттың қабылдауына тиімді баяндау тәсілін қолданады. Адресант хабарлайтын мәтінін адресаттың дүниетанымы мен ой-өрісіне сәйкес таңдауы тиіс. Мәтінді құру барысында адресаттың жас ерекшелігін, білім деңгейін, қызығушылығын есте сақтаған жағдайда ғана адресант өзінің көздеген мақсатына жете алады. Көркем жазба мәтіннің адресанты адресатпен тікелей байланысқа түсе алмайды. Сондықтан адресаттың мә тінге деген ынта-зейінін арттыру үшін көркемдегіш тәсілдерді пайдаланады. Ал ауызша мәтіннің адресанты көрермен немесе тың дармандардың зейінін аудару үшін интонация, мимика, жест тәрізді көмекші құралдарға да жүгінеді. Адресант өзінің атқаратын қызметіне қарай адресатпен коммуникативті байланысқа түсетін жағдайлар да болады. Мұндай жағдайлар адресант пен адресат бір аудиторияда жүздескен жағдайда, болмаса тікелей эфирде болуы мүмкін. Адресант адресатқа жүктелген функцияның шегіне қарай диалогқа түсіп, сана-сезіміне ықпал етеді. Функционалды стильдің түр ерекше ліктеріне қарай адресант пен адресаттың басты функциялары айқын далып отырады. Мәселен, ресми стильде адресант адресаттың әлеуметтік рөліне қарай сөзді демократияландырып, я болмаса әкімшілдендіріп отырады немесе тепе-теңдікті сақтайды. Көркем әдебиет стилінде автор арнайы тілдік тәсілдер арқылы оқырманмен сырласып отырғандай, оқырманның жанында отырғандай әсер қалдыр са, ғылыми стильде адресант адресаттың білім деңгейлері шама лас болады, екеуіне де ортақ білім қоры болады. Адресанттың берген мә ліметін адресат қабылдай алатындай деңгейде болу керек. Ал ауызекі сөйлеу стилінде адресант жалпы мәтіннің мазмұнын беріп қана қой май, эмоциясы мен өзіндік пікірін де білдіреді.
Н.Уәли. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. – Алматы, 2007.
А.Абасилов. Әлеуметтік лингвистика сөздігі.
– Алматы, 2016.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *