Образ – жеке адамға тән мінез

Образ – жеке адамға тән мінез. Адам образы қандай топтың өкілі етіліп көрсетілсе, сол өз ортасындағы мінез-құлықтардың жиынтығы дедік. Образ көркем шығармада жеке адамға тән мінез-құлық, нанымсенім, іс- әрекеттер арқылы бейнеленеді. Жай оқушыларға сондай адам шындықта болған не болуы мүмкін деген наным туғызады.

Образды қай мағынасында алсақ та, өмір шындығын көзге елестету, жайнақы, жанды, тұжырымды түрде суреттеу арқылы жазушылар өз пікірін оқушыларына ұсынады. Адам образын жасау үшін жазушы не өткен өмірді, не өз кезіндегі бір адамды негізге алады да, соны басқалардан жекелеп, ерекше көзге түсерлік етіп көрсетуге тырысады. Ол үшін ең алдымен керекті жайт – жеке адамға тән мінез.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *