Типтік бейне

Типтік бейне. Көрсетейін деген болмысты суреттеу үшін, оның кескінін беруге лайықты, ең керекті мінез-құлықтарды жинақтап көрсету біздің өмірді, адамды тануымызды терендетеді, өмірді түсінуімізге көмектеседі.

Сөйтіп тип дегеніміз – бүкіл бір топ адамдарға тән қасиеттерді бір адамның басына жинақтап, нанымды етіп көрсету деген сөз.

Жазушы бар нәрсені көркем образ арқылы суреттеп, басқаларға жеткізу үшін, ол творчестволық қиялға сүйенеді. Әр адамда болатын ерекшеліктерді жазушылардың бір образда көрсетушіліктері – сол творчестволық қиялдың атқаратын жұмысы. Евгений Онегин, Манилов, Обломов, Собакевич, т.б. шынында тап сол қалпында кәдімгідей болған адамдар емес. Бұл образдар –жазушылардың көркем қиялдары арқылы жасалған об раздар, бірақ бұл образдардың негізінде шындық жатқандығына, олардың қалай жасалғандығының тарихын тексерсек, oп-оңай сенеміз.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *