АТА-АНАЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ

АТА-АНАЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ

Шалкеева Ж. — Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті Магистратура және PhD докторантура институтының  1курс магистранты

А.С. Макаренко: «Жақсы отбасы да, жаман отбасы да болады. Отбасы дұрыс тәрбиелейді деп кепілдік беруге де болмайды. Отбасы қалай болса, солай тәрбиелейді деп те айта алмаймыз. Біз отбасылық тәрбиені ұйымдастыруымыз керек және ұймдастыратын бастау – мемлекеттік тәрбиелеудің өкілі ретіндегі мектеп болу керек».

 

Дүниежүзінде және өз елімізде білім мен отбасы тәрбиесі жайлы  заңнамалар да жетерлік. 68 баптан тұратын 2007жылы шыққан Қазақстан Республикасының «Білім  Туралы» заңының 30-шы бабында мектепке дейінгі  тәрбие мен оқыту жайында және Бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу отбасында және (немесе) мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылатындығы жайындажазылған. [1 ]

Қазақстан Республикасының Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 27 бабында былай деп жазылған:  «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауына болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті».[2 ]

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңының (2002 ж.) 15-бабында «Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралызаңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiздетегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi»,делінген. [3 ]

Біріккен Ұлттар Ұйымының балаларды қорғау конвенциясында балалардың мәдени , саяси,азаматтық , экономикалық және денсаулық құқықтары қарастырылған. [4 ] Елімізде және халықаралық дәрежеде шыққан бұл заңнамалар бала тәрбиесі мен білімінің қоғамдағы атқаратын орнының қаншалықты жоғары екендігін айқындайтын бір фактор.

Осындай маңызды мәселеде ата-ананың орны ерекше екендігі сөзсіз. Білімді  ұрпақ жетілдіру үшін ата-аналарымыздың өздерінің педогогикалық мәдениеті жоғары болу керек.  Ата-аналарымыздың педагогикалық мәдениеті жоғары болғанда ғана баланың үлгерімі жоғары болады.В.Ю. Иващенконың «Пути повышения педагогической культуры современных родителей» деген мақаласында ата-аналардың педогогикалық мәдениеті жайында жазылған. Яғни В.Ю. Иващенконың жазуы бойынша  Педогогикалық мәдениет дегеніміз бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті сезіне және түсіне білу,баланы оқытуда,тәрбиелеуде және дамытуда білікті болу, басқа мекемелердегі тәрбиешілермен, мұғалімдермен үнемі қарым-қатынаста болу. [5]  С.Б. Сәдуақасованың «педагогическая культура родителей как компонент воспитательного потенциала социально неблагополучной семьи» деген мақаласында баланы өмірге келгеннен, кәмелеттік жасқа толғанға дейін жақсы тәрбиелеу оңай нәрсе емес. Ата-ананың балаға дұрыс тәрбие бере алмауы әрине балаға кері әсерін тигізбей қоймайды.Ата-ананың балаға дұрыс тәрбие бере алмауына көптеген факторлар әсер етеді : жанұялық қарымқатынастар,ата-аналардың адагершілік қасиеттері мен дүниетанымы, жанұядағы қалыптасқан дәстүрлер мен қоғами қарым-қатынастары. С.Б. Сәдуақасованың ойынша қазіргі таңда , қоғамның дамыған кезінде атааналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға деген көзқарас та өзгерді.Яғни қазіргі қоғам ата-аналардың кәсіби деңгейдегі педагогикалық мәдениетінің артуын талап етеді.[6] 

И.В. Гребенников ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруда бірнеше жолдар көрсеткен:

-Техникум және училищенің  жоғарғы сыныбынан бастап ер балалар мен қыз балаларға отбасылық тәрбие беру;

-Университеттер,ұлттық университеттердің кейбір факультеттері және мәдениет Сарайымен ұйымдастырылған жас отбасы клубтарында жастар мен жас отбасыларына бала тәрбиесін үйрету;

-Балабақшалар мен ұлттық ұниверситеттерде ата-аналарды мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуге дайындау;

-Арнайы курстар мен семинарларда қоғамдық жұмысшыларды атааналардың педагогикалық мәдениетінарттыруға дайындау;

-Семинарларда, арнайы курстарда , лекциялар мен университеттерде мұғалімдерді ата-аналармен бірге тәрбие жұмысына дайындау; [7]

Меніңше бүгінгі таңда ата-аналардың  педагогикалық мәдениетін арттыру үшін бұл жолдардан басқа  көптеген  әдістер бар.

Мысалы:

  • Ата-аналар бала психологиясы мен педагогикасына байланысты интернеттен алуан түрлі материалдар ала алады,егер ата-ана ағылшын тілін жетік меңгерген болса, бала тәрбиесіне байланысты Еуропа елдерінің әдістерін үйрене алады.
  • Педагогика жайында ,мектепке дейінгі жастағы баланы мектепке қалай дайындау керектігіне байланысты көптеген журналдар бар.
  • Бұқаралық ақпараттар құралдарының да ата-аналарға арналған арнайы бағдарламалары бар.

-Менің ойымша ең жақсы әдіс — ата-аналардың өздерінің арасында бала тәрбиесіне байланысты клуб құру. Бұл клубта ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты  өздерін толғандырып жүрген мәселелермен басқа адамдармен бөлісу мүмкіндігіне ие бола алады,солайша ата-аналар бір-бірімен тәжірибе алмастыра алар еді. Бұл клубтардың қызық өтуі үшін ата-аналар бала тәрбиесіне байланысты  әртүрлі ойындар ойнайды, жарыстар ұйымдастырады, пикникке шығады. 

  • Ата-аналардың клубқа келуге мүмкіншіліктері болмаған жағдайда, өзара сайт ашып сол сайттарда бала тәрбиесі мәселелерін қарастыра алады.

Осы мәселелерге және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының жағдайын көтеруге , ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында «Әлеуметтік жетімдердің санын азайту және тұрақты отбасын қамтамасыз ету» жобасы аясында Астана қаласында іс-шаралар өтті. Атааналар клубының қызметі жүзеге асу үшін керекті жағдайлар қарастырылды. 

1. Методологиялық жағдай

Педагогикалық процестегі теорияның орны,әлеуметтену теориясы, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы

2. Нормативті-Құқықтық жағдай

ҚР-ның «Неке және отбасы» Кодексі , Қазақстанның «Қазақстандағы бала құқығы» туралы заңы.

3. Ғылыми-ұйымдастырушылық жағдай

Арнайы мамандардың қатысуымен тренигтер ұйымдастыру арқылы, сұхбат жүргізу арқылы , лекциялар өткізу арқылы ата-аналар клубын ұйымдастыру.[8] Аталған іс-шараларда ата-аналардың балаларымен қарымқатынасы зерттелді.

Менің ойымша осындай іс-шаралар жиі болып тұруы керек. Қазақ халқында мынандай мақал бар :«Ұяңда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» , яғни ұяда бала тәртіп пен жақсы тәрбиені көрсе, болашақта елімізге пайдасын тигізері сөзсіз. Қазақ елінің жарқын болашағы – оның білімді жастары. Ел басымыз Н.Ә. Назарбаевтың айтқанындай «Бәсекегеқабілетті қоғам құру негізі- сапалы білім беру» Ал сапалы білім беру  ата-ананың міндеті.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі :

  1. Қазақстан Республикасының «Білім Туралы» , 2007ж.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы,
  3. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы, 2002 ж.
  4. «Балалар құқығы туралы Конвенция» , БҰҰ (1989ж.)
  5. «Пути повышения педагогической культуры современных родителей»,В.Ю. Иващенко, Я.А. Шевцев.
  6. «Педагогическая культура родителей как компонент воспитательного потенциала социально неблагополучной семьи»,С.Б. Сәдуақасова
  7. Гребенников И.В. Школа и Семья.-М., 1985
  8. «Педагогическая культура родителей как компонент воспитательного потенциала социально неблагополучной семьи»,С.Б. Сәдуақасова

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *