АЩЫТАСТЫ – Торғай алабындағы өзен. Қостанай облысының оңтүстік-шығысымен ағады. Ұзындығы 130 км, су жинау алабының ауд. 5240 км2. Ақжан және Түлкісай өз-дерінің қосылысынан басталып, Торғай өз-нің саласы Жалдама өз-не құяды. Басты салалары: Байқожа, Жосалысай. Аңғарының ені 2 км-ге дейін жетеді, сол жақ беткейі көлбеу, оң жағы тік жарлы келеді.Кей жылдары жазда арнасы құрғап қалады. Жылдық орташа су ағыны Қарағаш а. тұсында 3,5 м3/с.