
КРУКС Уильям (1832 – 1919) – ағылшын химигі әрі физигі. 1879 ж. заттардың төртінші күйі туралы ұғым енгізген. «Крукс түтігі»деген аспаппен катодтық сәулені зерттеген. 1879 ж. катод сәулесінің энергия және импульс таситынын дәлелдеген. 1886 ж. катод сәулесінің себебінен кейбір тотықтар мен тұздардың жарқырайтынын байқаған. 1903 ж. күкіртті мырыш пластинкаға түскен альфабұлшек тудыратын эффекті (сцинтилляциялық эффектісін) ашқан және осы эффект негізінде жеке альфа-бөлшектің жарқырауы бойынша оны тіркейтін аспап (Крукс спинтарископын) жасаған.