
Кирхгоф Густав Роберт (1824 – 1887) – неміс физигі. 1845 – 47 жылдары тарамдалған электр тізбектеріндегі электр тогының өту заңдылықтарын ашқан. 1857 ж. өткізгіштердегі ток қозғалыстарының жалпы теориясын тұжырымда- ған. Р.Бунзенмен бірлесіп, 1860 ж. цезий, 1861 ж. рубидий элементтерін ашқан. 1862 ж. қара дене тұжырымдамасын және оның моделін ұсынған. 1860 ж. спектрлердің айналымын ашқан.