
КЕРР Джон (1824 – 1907) – шотланд физигі. 1875 ж. электр өрісіне орналас- тырылған изотропты заттағы қосарланған сәуленің сыну құбылысын ашқан (Керр эффектісі), электр өрісінің ықпалымен сұйық диэлектриктерде оптикалық анизотропияның пайда болатынын байқаған, осы жайт оптикалық және электр құбылыстары аралығында байланыс бар екенін тікелей көрсеткен. Керр эффекті- сі кең қолданыс тапқан, дербес жағдайда – жапқыш (Керр ұяшығы).