
Кеезом Виллем Хендик (1876 – 1956) – нидерланд физигі. Гелийдің қай- нау температурасын анықтаған. 1926 ж. қатты күйдегі гелийді шығарған. 1928 ж. М.Вольфкемен бірлесіп, 2,19 К температура кезінде сұйық гелийдің ІІ текті фазалық ауысуын ашқан. Осы жайт сұйық гелийдің екі күйі болатынын анықтаған: гелийдің ауысу температурасынан жоғары температурадағы күйі – гелий І, ал ауысу нүктесінен төменгі температурадағы күйі – гелий ІІ деп аталған.