АЩЫТАМЫР

АЩЫТАМЫР (Selinum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда культиасов, тянь-шань, попов түрлері бар. Соның ішінде Попов А-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазақстанда Қаратау өңірінде, Батыс Тянь-Шаньда өседі. Биікт. 20 – 100 см-дей, сабағы тік бұтақты, жапырақтары күрделі қауырсынды келеді. Гүлшоғыры – күрделі шатырша. Гүлдері майда, 5 тостағанша жапырағының кейде қысқа тістері болады. 5 күлте жапырақшалары ішке қайырылған, түсі ақ, жасылдау. Пішіндері жұмыртқа тәрізді. Аталығы 5, аналығы біреу. Екі ұялы, әр ұясында екі тұқымбүршігі жетіледі, оның тек біреуі ғана тұқымға айналады. Тұқымынан көбейеді. Тамыз айында гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – бүйірінен қысыңқы екі тұқымша. А-дың Қазақстанда 3 түрі: культиасов, тянь-шань, попов А-ы бар. Соның ішінде Попов А-ы (S.popovіі) – тек қана Өгем жотасында сирек кездесетін эндемик түр. Оның жылдан-жылға таралу ареалы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *