
Делюк Жан Андре (1727 – 1817) – швейцар физигі. 1754-55 жылдары мұздық еруі кезінде температураның өзгермейтінін және мұздың суға ауысуы үшін қосымша жылудың қажет болатынын байқаған. Судың жылулық ұлғаюы кезіндегі аномалияны – максимал тығыздықты қатаю кезінде емес, +40C температурада ие болатынын анықтаған (1772 ж.).