
Даниель Джон Фредерик (1790 – 1845) – ағылшын ғалымы әрі өнертап- қышы. 1818 ж. гигрометрді ойлап тапқан. 1830 ж. су барометрін жасаған. 1836 ж. мыс пен мырыштан құралған химиялық ток көзін (даниель элементін) ойлап тапқан. Бұл ең алғашқы тұрақты ток көзі болды.