
Гук Роберт (1635 – 1703) – ағылшын физигі. 1665 ж. Х. Гюйгенспен бірге термометрдің тұрақты нүктелері ретінде мұздың еру және судың қайнау нүктелерін белгілеген және жылуды бөлшектердің қозғалысы ретінде болжал жасаған. 1660 ж. қатты денелерге арналған серпінділік теориясын ашқан.